Пользовательское соглашение сервиса Liza
Краткое изложение основных условий
Сервис позволяет зарегистрированным пользователям обмениваться сообщениями и иным контентом, а при наличии соответствующей функции — создавать публичные сообщества.
Пользователь обязан соблюдать законодательство Республики Казахстан, не размещать и не распространять ложную информацию и противоправный контент.
На контент, интерфейс, других пользователей и действия Сервиса можно подать жалобу. Мотивированный ответ предоставляется в срок, установленный законодательством Республики Казахстан.
1. Общие положения
1.1. Настоящее Пользовательское соглашение (далее — Соглашение) определяет условия использования сервиса Liza (далее — Сервис).
1.2. Сервис является сервисом обмена мгновенными сообщениями и онлайн-платформой в значении законодательства Республики Казахстан.
1.3. Используя Сервис и (или) создавая аккаунт, Пользователь подтверждает, что ознакомился с Соглашением и принимает его условия.
1.4. Сервис предоставляет Пользователю доступ к функционалу обмена сообщениями и иным контентом. Дополнительный доступный функционал отображается в интерфейсе Сервиса.
2. Права и обязанности Пользователя
2.1. Пользователь вправе получать, создавать, размещать и распространять контент любым способом, не запрещенным законодательством Республики Казахстан, свободно выражать мнение, создавать аккаунт и, если такой функционал предусмотрен, публичное сообщество.
2.2. Пользователь вправе обращаться к собственнику Сервиса или его законному представителю с требованием о соблюдении своих прав и законных интересов, а также ограничивать демонстрацию неинтересующего контента, если такая демонстрация осуществляется Сервисом.
2.3. Пользователь обязан соблюдать законодательство Республики Казахстан, проверять достоверность размещаемого и распространяемого контента, не размещать и не распространять ложную информацию и противоправный контент, а при их размещении или распространении — удалить такой контент.
2.4. Запрещается использовать Сервис для размещения или распространения информации, распространение которой запрещено законодательством Республики Казахстан.
3. Модерация и ограничения
3.1. Сервис вправе осуществлять модерацию контента в целях соблюдения законодательства Республики Казахстан и противодействия распространению противоправного контента.
3.2. Размещение или распространение противоправного контента может быть приостановлено или прекращено, а деятельность аккаунта на территории Республики Казахстан может быть приостановлена в случаях и порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
3.3. Лицо, в отношении которого в Сервисе распространена ложная информация, вправе обратиться к собственнику Сервиса или его законному представителю с требованием о ее удалении.
4. Жалобы пользователей
4.1. Пользователь может подать жалобу на контент, интерфейс, другого пользователя или действия Сервиса через предусмотренный в Сервисе функционал подачи жалоб. Жалоба должна позволять описать ее содержание.
4.2. Получение жалобы подтверждается автоматически. Сервис предоставляет Пользователю мотивированный ответ в течение двадцати календарных дней со дня, следующего за днем получения жалобы, если иной срок не установлен законодательством Республики Казахстан.
5. Данные и конфиденциальность
5.1. До завершения регистрации Пользователю предоставляется возможность ознакомиться с Политикой сбора, обработки и защиты персональных данных.
5.2. Условия сбора и обработки персональных и иных цифровых данных, включая состав данных, цели, сроки обработки, порядок их передачи и защиты, определяются Политикой сбора, обработки и защиты персональных данных и законодательством Республики Казахстан.
5.3. В случае нарушения конфиденциальности персональных данных Сервис уведомляет Пользователя в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.
5.4. Размещение мобильного приложения, обеспечивающего доступ к Сервису, осуществляется ТОО «Цифровая среда ПРО».
6. Обращения и применимое право
6.1. По вопросам использования Сервиса и соблюдения прав Пользователь может обратиться через форму обратной связи, размещенную в Сервисе.
6.2. К использованию Сервиса на территории Республики Казахстан применяется законодательство Республики Казахстан.
Liza сервисінің пайдаланушы келісімі
Негізгі шарттардың қысқаша баяндалуы
Сервис тіркелген пайдаланушыларға хабарлармен және өзге де контентпен алмасуға, ал тиісті функция болған кезде — жария қоғамдастықтар ашуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға, жалған ақпарат пен құқыққа қайшы контентті орналастырмауға және таратпауға міндетті.
Контентке, интерфейске, басқа пайдаланушыларға және Сервистің әрекеттеріне шағым беруге болады. Уәжді жауап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде беріледі.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі — Келісім) Liza сервисін (бұдан әрі — Сервис) пайдалану шарттарын айқындайды.
1.2. Сервис Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынада лездік хабар алмасу сервисі және онлайн-платформа болып табылады.
1.3. Сервисті пайдалана отырып және (немесе) аккаунт аша отырып, Пайдаланушы Келісіммен танысқанын және оның шарттарын қабылдайтынын растайды.
1.4. Сервис Пайдаланушыға хабарлармен және өзге де контентпен алмасу функционалына қол жеткізуді ұсынады. Қолжетімді қосымша функционал Сервистің интерфейсінде көрсетіледі.
2. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
2.1. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен контентті алуға, жасауға, орналастыруға және таратуға, еркін пікір білдіруге, аккаунт және, егер мұндай функционал көзделсе, жария қоғамдастық ашуға құқылы.
2.2. Пайдаланушы Сервистің меншік иесіне немесе оның заңды өкіліне өз құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы туралы талаппен жүгінуге, сондай-ақ егер Сервис мұндай контентті көрсететін болса, қызықтырмайтын контенттің көрсетілуін шектеуге құқылы.
2.3. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға, орналастырылатын және таратылатын контенттің анықтығын тексеруге, жалған ақпарат пен құқыққа қайшы контентті орналастырмауға және таратпауға, ал олар орналастырылған немесе таратылған жағдайда — мұндай контентті жоюға міндетті.
2.4. Сервисті Қазақстан Республикасының заңнамасында таратуға тыйым салынған ақпаратты орналастыру немесе тарату үшін пайдалануға тыйым салынады.
3. Модерация және шектеулер
3.1. Сервис Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және құқыққа қайшы контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында контентті модерациялауды жүзеге асыруға құқылы.
3.2. Құқыққа қайшы контентті орналастыру немесе тарату тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы, ал аккаунттың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
3.3. Сервисте өзіне қатысты жалған ақпарат таратылған тұлға Сервистің меншік иесіне немесе оның заңды өкіліне оны жою туралы талаппен жүгінуге құқылы.
4. Пайдаланушылардың шағымдары
4.1. Пайдаланушы контентке, интерфейске, басқа пайдаланушыға немесе Сервистің әрекеттеріне Сервисте көзделген шағым беру функционалы арқылы шағым бере алады. Шағымның мазмұнын сипаттау мүмкіндігі көзделуге тиіс.
4.2. Шағымның алынғаны автоматты түрде расталады. Сервис Пайдаланушыға шағым алынған күннен кейінгі күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, уәжді жауап береді.
5. Деректер және құпиялылық
5.1. Тіркеу аяқталғанға дейін Пайдаланушыға Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау саясатымен танысу мүмкіндігі беріледі.
5.2. Дербес және өзге де цифрлық деректерді жинау және өңдеу шарттары, оның ішінде деректердің құрамы, мақсаттары, өңдеу мерзімдері, оларды беру және қорғау тәртібі, Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау саясатымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
5.3. Дербес деректердің құпиялылығы бұзылған жағдайда Сервис Пайдаланушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен хабардар етеді.
5.4. Сервиске қол жеткізуді қамтамасыз ететін мобильді қосымшаны орналастыруды «PRO Цифрлық орта» ЖШС жүзеге асырады.
6. Өтініштер және қолданылатын құқық
6.1. Сервисті пайдалану және құқықтарды сақтау мәселелері бойынша Пайдаланушы Сервисте орналастырылған кері байланыс нысаны арқылы жүгіне алады.
6.2. Сервисті Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.